» » Мектеп тарихы

 
 
 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 13-05-2016, 01:44, посмотрело: 1184

0

Мектеп туралы қысқаша ақпараттық анықтама

 

     №115 жалпы орта мектебі  мемлекеттік мекемесі 2001 жылы 1 қыркүйекте негізі қаланды.

2001 жылдан бастап мектеп директоры Каумбаева Дина басшылық жасады. 15 жыл жұмысында осы оқу орнын 450 оқушы бітірді. Түлектердің 2-і үздік бітірді.

Бүгінгі күнде мектепте 448 оқушы оқиды: қазақ/ орыс тілінде оқитын 24 сынып-жиынтық, 2 мектепалды дайындық тобы бар.

Мектеп педагогикалық ұжымы білім берудіжетілдіру мақсатында қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды енгізу бойынша жұмыс істейді, саралап оқытуды жүзеге асыра отырып, денсаулық сақтауды ұйымдастыру үшін   оқыту мен тәрбиелеуге жағдай жасайды.

      2014 – 2015 оқу жылынан бастап мектеп директоры болып Примбекова Ұлжалғас басшылық жасауда және осы жылы мектебімізде  404 оқушыны құрады. Соның ішінде – 383 қыз бала, 357 ұл бала. Ұлты бойынша: қазақ – 723, қырғыз – 5, орыс – 2, украин – 1, өзбек – 4, шешен – 1, татар – 3. 

            Мектеп бойынша сыныптардың орташа тығыздығы – 23,1 оқушы. Сатылар бойынша: бастауышта – 22,4, ортаңғы буында – 22,3, жоғары сатыда – 19,5. Мектепте 32 сынып-комплект, соның ішінде 15 сынып-комплект бастауыш буында (366 оқушы), 15 – ортаңғы (335 оқушы), 2 – жоғары сатыда (39 оқушы).

            Мектеп екі ауысымдық тәртіппен жұмыс жасайды: І ауысымда 18 сынып-комплект (434 оқушы), ІІ ауысымда 14 сынып-комплект (306 оқушы). Бастауыш сынып оқушыларына арналған үш ұзартылған күн тобы жұмыс жасайды, әр топта 25 оқушыдан.

            Педагогикалық ұжымның құрамында 50 мұғалім: жоғары білімді – 46 (92%), орта-арнаулы – 4 (8%); ерлер – 8, әйелдер – 42; жоғары категориялы – 17, І – 18 (70%); ІІ – 11, санатсыз – 4; жасы бойынша: 20–30 жастағы – 9, 31–40 жастағы – 17, 41–50 жастағы – 13, 51–60 жастағы – 11 (орташа жасы – 40); педагогикалық өтімі бойынша: 3 жылдан төмен – 2, 3–8 жылға дейін – 11, 9–16 жылға дейін – 9; 17–20 жылға дейін  –  9; 20 жылдан астам – 19.

            Мектептің қамту мүмкіндігі – 860 оқушы. Мектепте мәжіліс, спорт, екі шеберхана (ұлдар мен қыздарға), 20 оқырмандық залы бар кітапхана, медициналық блок, стоматология кабинеті, 60 оқушыны қамтитын асхана, психологиялық жеңілдету кабинеті, арнайы жабдықталған химия, АӘД, музыка, интерактивті тақталары бар 2 компьютер кабинеті, мультимедиялық кабинет. Жалпы 24 пән кабинеті бар.

            Мектеп жанында  спорт алаңы, мектеп учаскесі жұмыс жасауда.

 Мектептің негізгі бағыты – білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында құзыретті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру. 2012 – 2013 оқу жылынан бастап мектеп «Құзыретті білім беруге көшудегі инновациялық технологиялардың рөлі» тақырыбы бойынша жұмысын атқарып жүр. Мектепте 9 әдістемелік бірлестік бар: қазақ тілі мен әдебиеті, бастауыш сыныптар, жаратылыстану-математика,химия және биология, тарих және география, технология пәні,орыс тілі және өзін-өзі тану пәндері сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі. Әдістемелік бірлестік тақырыптары, мақсаты мен міндеті мектеп тақырыбымен байланысты болды. ӘБ-тер төмендегідей тақырыптар бойынша жыл бойы жұмыс жасады:

Қоғамдық-гуманитарлық: «Мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру арқылы оқыту сапасын көтеру».

Қазақ тілі мен әдебиеті: «Сабақта инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру»

Бастауыш сыныптар: «Бастауыш сынып оқушыларының оқу құзыреттерін қалыптастыру арқылы білім сапасын арттыру»

Жаратылыстану-математика: «АКТ технологиясын қолдану арқылы м ұғалімнің

кәсіби құзыреттілігін арттыру»

Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі: «Сынып жетекші-лерінің шеберліктерін арттыру арқылы мектепте құзыреттілікке тәрбиелеу формалары мен әдістерін жетілдіру».

Мектеп ұжымының алдында 2013 – 2014 оқу жылы келесі негізгі міндеттер тұрды:

Оқушылардың білім сапасын және ҰБТ мен ОЖСБ-ға дайындық деңгейін

арттыру үшін пән мұғалімдерінің жеке жұмыс әдіс-тәсілдерін қалыптастырып жетілдіруге жағдай жасау.

ҰБТ мен ОЖСБ-ға дайындық бойынша ӘБ жұмыстарын жүйелеу.

Әр пән мұғаліміне әр түрлі білім деңгейіндегі оқушылармен ҰБТ мен ОЖСБ-ға

дайындалу жеке-дара жұмыс жоспарын өндеу.

Білім спасын жоғарлату мақсатында таңдаулы курстар жұмыстарының

тиімділігі мен оңтайлылығын арттыру.

 Жеке пәндерді тереңдетіп оқыту сыныптарының санын көбейту, сапасын

жоғарлату.

Дарынды балалармен жұмысты нығайту.

Озат педагогикалық тәжірибе жұмысын жүйелеу.

Шығармашылық топ жұмыстарын белсендіру.

ЖОО мамандарымен бірлескен жұмысты жалғастыру.

Ата-аналардың мектеп өміріне байланысты қызығушылықтарын арттыру

жұмыстарын күшейту

«Мұғалім рейтингі», «Оқушы рейтингі» бағыттары бойынша оқу жылының

аяғында ең үздік мұғалім мен ең үздік оқушыны марапаттау.

 2014 – 2015 оқу жылына келесі міндеттерді ұсынамыз:

Оқушылардың білім сапасын және ҰБТ мен ОЖСБ-ға дайындық деңгейін

арттыру үшін пән мұғалімдерінің жеке жұмыс әдіс-тәсілдерін қалыптастырып жетілдіруге жағдай жасау жұмыстарын жалғастыру.

ҰБТ мен ОЖСБ-ға дайындық бойынша ӘБ жұмыстарын белсендіру.

Әр пән мұғаліміне әр түрлі білім деңгейіндегі оқушылармен ҰБТ мен ОЖСБ-ға

дайындалу жеке-дара жұмыс жоспарын өндеу.

Білім спасын жоғарлату мақсатында таңдаулы курстар жұмыстарының

тиімділігі мен оңтайлылығын арттыру жұмыстарын жетілдіру.

Инновациялық бағыттағы жұмыстарды жалғастыру.

Алдынғы жылдары ҰБТ мен ОЖСБ-дан өткен мұғалімдермен тәжірибе алмасу

жұмыстарын ұйымдастыру.

Ұстаздардың кәсіби шеберліктерін арттыруына бағытталған әдістемелік

бағдарламасын өндеу.

Оқушылардың бос уақыттарын толық қамту жұмыстарына ата-аналардың

қатысуын белсенді ету.

Сынып жетекшілердің тәрбие қызметін жетілдіру үшін жұмыстың

инновациялық формалары бойынша практикалық семинарларды өткізу.

Қоршаған ортада өзін шығармашылық жағынан қайта құруды анықтап,

 өзін-өзі дамытуға дайын тұлғаны қалыптастыру.

Әрбір оқушының өзінің қажеттілігі мен мүмкіндігіне сай білім алу

құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Мектеп оқушылыраның тұрақты таным қызығушылықтарын

қалыптастыру.

Әр оқушының өзіндік жұмысының жетістігін қамтамасыз ететін,

технологияларды меңгеру есебінен оқушылардың оқу сапасын арттыру.

Оқушының тұлғасын әлеуметтендіру арқылы, оны жаңа экономикалық

 жағдайға бейімдеу, өзін – өзі болашақ маман ретінде танып білуіне.

Мектеп тұлғасының қалыптасуына мектептің тигізер әсерін күшейту.

 

Мектепте оқушылардың физикалық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасалады. Шәкірттер жыл сайын әр түрлі олимпиада, жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп, грамота-дипломдармен марапатталады.

 

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.